«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша  Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
КГУ " Начальная  школа  села Богенбай  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныпқа арналған 8 наурыз

18.05.2019
8 наурыз  күніне арналған жиын
   
Жүргізуші:
Құрметті асыл аналар,
Қадірлі ұстаздар, оқушылар.
Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше бүгінгі 8 наурыз мерекесі құтты болсын. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде де ананың ақ сүтімен нұр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі дүние абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Ол «Ана» Үш - ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез - келген салалы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тәрбиеленіп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез - келген ана қалайды. «Ананың алдында асқар тау да аласа» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар қасиетті аналар.!
Қадірлі аналар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған жиынға  хош келдіңіздер.
Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме , анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Медрисова Еңлік катрановнаға   береміз.
Жүргізуші:
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім дей келе шағын орталық тобынның  "Құттықтаймын мама" әнімен жалғастырамыз.
 
Жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті Шағынорталық тобының оқушыларының «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған » атты әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесіен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге осынаау  мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз!
Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт береке дарысын!
Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
Осымен өздеріңізге арналған мерекелік салтанатты жиын аяқталды. Қош, сау болып тұрыңыздар. 
Просмотров: 353

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст