«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша  Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
КГУ " Начальная  школа  села Богенбай  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 мамыр –Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын

18.05.2019
9 мамыр –Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық тәрбие беру,Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып,үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
(На фоне музыки читают стихи)
1945 - тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында...
Білесің бе, замандасым, ей менің
Елге қайтқан майдангерлер жайында?

Ол жайында мынау туған ел жетік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.

Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман ,көңілге алған
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар  ! Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым ету «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
 «Әнұран»
Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
Сөз  Бөгенбай БМ меңгерушісі  Медрисова Еңлік Катрановнаға  беріледі.
Жүргізуші:Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды.
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысында ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс ерте есейтті.. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.
Жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі - ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз.
Жүргізуші:1418 азапты күн мен түнге созылған соғыс біз үшін Ұлы Жеңіспен аяқталды. Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов тағы басқа ер азаматтарымызбен қыздарымыз аз емес.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.
Мәлік, Қасым, Бауыржан
Жеңіспен елге қайтқан күн.
Айрылған әке, бауырдан
Туысқа көңіл айтқан күн.
Бұл соғыстан қазақтар
Ерекше ер боп келген күн.
Тарихқа талай ғажаптар
Аңыз болып енген күн.

Фашистің күнін батырған
Сұрапыл соғыс біткен күн.
Рейхстагқа Рахымжан
Жеңістің туын тіккен күн.
Дүниежүзілік соғысты
Бейбітшілік жеңген күн.
Ондай соғыс жер үсті
Болмасына енді сенген күн.

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім, күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңда жүре бер!
Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! (Все вместе)
Жүргізуші: Осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
 (Объявляется минута молчания)
Жүргізуші: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.

Өлең
Жүргізуші: Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 463

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст