«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
Биылғы 2019-2020 жаңа оқу жылының «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты сабына қош келдіңіздер! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Жүргізуші:
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының астында сап тік тұрыңдар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
Жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.
1-сыныптарды алаңға шақыру.
Халқымыз «Ата-баба дәстүрі – асыл мұра» дегендей «Бала – бауыр етім» деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1-сыныпқа қабылданып, «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той – баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
Құрметті халайық, олай болса, ортаға алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді шақырамыз.
Қарсы алыңыздар,
1 сыныбын білім әлеміне Медрисова Е.К бастап апарады.Сыныпта 2 оқушы.
(Музыка ойналады. Сынып жетекшілерімен 1-сынып оқушылары алаңға өтеді.)
«Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп меңгерушісі Медрисова Енлік Қатранқызына беріледі.
Мектеп басшысының жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстыру.
(1-сынып оқушыларының өлеңдері тыңдалады)
Әліппе тапсыру рәсімі.
4-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын табыс етеді.
Жүргізуші:
Ендігі сөз кезегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Тукенова Сауле Канжанқызына беріледі
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1-сынып оқушысының ата-анасы Лукина Лидия Владимировнаны шақырамыз.
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 4 сынып оқушысы --------------------------------- пен 1 сынып оқушысы --------------- ие болып отыр.
Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.
Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын
Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
Мектеп түзел тік тұр! Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын. (Туды шығару рәсімі)
Жүргізуші:
Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Жүргізуші:
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!