14.10.2019
Ұстаздар мерекесіне арналған ««Ұстаз – ұлы есім» - атты мерекелік жиынның бағдарламасы.
1 - жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
2 - жүргізуші:Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
1 - жүргізуші:
Құттықтау.
Салтанатты жиынның алғашқы сөзі мектебіміздің басшысы Медрисова Енлік Катрановнаға беріледі.
ӘН: Ұстазым
2 - жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі.
1 - жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
2 - жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
ӘН орындалады
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)Әр әріптің өз мағынасы бар.Әр оқушы мұғалім сөзіндегі әріптердің мағынасын білуге тиісті.
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М - маман
2 - жүргізуші:
Оқытыңдар, ұл - қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете, ұстаздар.
1 - жүргізуші:
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
2-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
“Жас қыран”қатарына Бөгенбай мектебінің 4 сынып оқушылары қабылдансын.Өткізу құрметі Сауле Канжановнаға,Еңлік Катрановнаға беріледі.
1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!