«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша  Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
КГУ " Начальная  школа  села Богенбай  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кеш.

09.01.2020

1 Жүргізуші:Мадина Ш
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:Алимбек Ж
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
1 Жүргізуші: Мадина Ш
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының  менгерушісіне береміз Медрисова Еңлік Катранқызына
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық
2 Жүргізуші: Алимбек Ж
Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған доңыз жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.
Ескі жыл:Мансур Т
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар тышқан  жылын.
1 Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
2 Жүргізуші: Алимбек Ж.
- Ескі жылымыздың құрметіне сыныптың орындауында биі. Қарсы алыңыздар.
(Би биленеді)
1 Жүргізуші: Мадина Ш
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
сынып оқушысының орындауында ән. Қарсы алыңыздар.
(Ән айтылады)
2 Жүргізуші: Алимбек Ж
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)
Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
2 Жүргізуші: Алимбек Ж
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:Макпал Ш
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен доңыз жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тышқан жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
1 Жүргізуші: Мадина Ш
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

Тышқан жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Доңыз жылы: Мансур Т
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)
Доңыз: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім. Мансур Т
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
Тышқан жылы: Ерасыл Ж
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

Аяз ата: Жасы. Ендеше өнерлеріңді бастаңдар. Нуртлеу М
(оқушылардың өнер көрсетіледі)
Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой. Нуртлеу М
2 Жүргізуші: Алимбек Ж
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық! Ойын ойнату

Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін 
Өнерлерің көп болсын, 
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Келесі жылы көргенше, аман болыңдар. Нуртлеу М
1 Жүргізуші: Мадина Ш
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. ) Алимбек Ж
Ендігі сөз кезегін ата –аналарға  және кәсіподағы торағасына беріледі

 

Просмотров: 273

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст